Шымкентте еркін күрестен халықаралық жарыс басталды

501
Сабыр Рақымовты еске алуға арналған турнирге биыл 20 жыл толып отыр

Кеңес одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы биыл да көтерілді. 300-ге тарта палуан еркін күрестен екі күн бойында Шымкенттің бөз кілемінде белдесетін болады.

Биыл қаламызға бес елдің спортшылары келіпті: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан. Барлығы 300-ге тарта палуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Олардың арасында 20-сы Оңтүстік Қазақстанның спортшылары.

Сабыр Рақымовты еске алуға арналған турнирге биыл 20 жыл толып отыр
Сабыр Рақымовты еске алуға арналған турнирге биыл 20 жыл толып отыр

Биыл бұл дода 20-шы рет жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Чемпиондардың есімі 27 қазан күні белгілі болады.