Шымкенттіктер алғаш рет көлеңкелі қойылымды тамашалады

576
Қойылымның көлеңкелі бөлімі

Биыл ұлы ақын, қазақтың ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына — 170 жыл. Осыған орай өңіріміздегі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының ұжымы қаламгердің өлеңі мен өмірі жолынан премьералық спектакльді сахналады. Бұл туындының ерекшелігі — алғаш рет көлеңкелі әдісті қолдана отырып сахналанды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aiaRdRWK1TY[/youtube]

Абайдың өлеңдерін әртістер жатқа оқыды
Абайдың өлеңдерін әртістер жатқа оқыды

Ұлы ақын Абайдың философиясы, оның поэзиясы, бастысы, ой-елегімен бүгінгі қоғамды болжауы — мұның барлығын да көрермен сахнадан көре алды. Әртістердің бірі Абайдың кейпіне енсе, екіншісі Тоғжанның жанына үңіліп, оның сөздерін өлеңмен өрді.

Әртістер Абай мен Тоғжанның кейпіне енді
Әртістер Абай мен Тоғжанның кейпіне енді

Өнер ұжымы «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби музыкалық толғауды қою үшін 1 ай дайындалыпты. Айтуларынша, премьералық туындының ерекшелігі — әртістердің ақынның өлеңдерін жатқа орындауы ғана емес, оқиға желісінің кей бөлімдерінің көлеңкелі қойылыммен ұсынылуы.

Қойылымның көлеңкелі бөлімі
Қойылымның көлеңкелі бөлімі

Қуандық Қасымов, қоюшы-режиссер: «Мұнда басты рөл, басты кейіпкер деген дүние жоқ, мұндағы әртістердің барлығы — Абай,  тіпті ақынның жырларын жатқа білетін кез келген көрермен — Абай! Біздің әлем — Абай! Мұнда ән, көрініс, өлең, сыр, ондағы сезім — барлығын да топтастырдық. Қойылымның басты көздегені — қаламгердің жүрегіндегі жырды сол қалпында жеткізу».

Спектакльде ақынның жастық шақта жазған жыр жолдарынан бастап, өмірінің соңғы сәттеріндегі еңбектерін де көре аласыз. Тіпті ұжым оның шығармаларын әуелете шырқады. Бұл театрдағы әртістердің хор жанрына да бет бұрып жатқанын көрсетсе керек.

12143270_958184280892098_7633279689083284305_n

12096176_958184337558759_42146414617430583_n

Бауыржан Салдаров, көрермен: «Негізі, сахнада әнші жоқ, бірақ, Абайдың әндерін шебер орындағанын көріп қуанып қалдым. Қосыла айттым өзім де. Жаным жадырап, сол бір Абай заманында өмір сүргендей әсер алдым».

Айгүл Әзімбаева, көрермен: «Еңбектің ерекшелігі, жаңашылдығы — мен сахнадан көлеңкелі көріністерді көре алдым. Жасырмаймын, таң қалдым, сондықтан алдағы күндері мен сияқты жас көрермендерінің қатары артатыны анық».

12141722_958183970892129_341244255039730381_n

12140636_958184304225429_4450244741032813030_n

12122665_958184110892115_6276352427363938349_n

12140636_958183977558795_2638021038449140159_n

Айта өтейік, «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби музыкалық толғауға Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 40-тан астам әртісі жұмылдырылыпты. Енді өнер ошағының алтын қорына енген қойылым апта бойы көрермен назарына ұсынылмақ.