«Жолдау қабылдау» акциясы басталды

184

Республика көлемінде «Жолдау қабылдау» акциясы басталды. «Нұр Отан» партиясы ұйтқы болған шара аясында жол қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінбек. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері әкімшілік полиция басқармасының мамандарымен бірігіп, жүргізушілерге түсініктеме берді.

"Жолда қабылдау" акциясы

Акцияға қатысушылар полиция қызметкерлерінің қызметін бағалап, жолдың сапасына қатысты сауалнама парақшасын толтырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жол көлік апаттарын алдын алуға ықпал етеді. Бүгіннің өзінде ережені өздері сақтамайтын тәртіп сақшыларына сын көп болды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар жол-көлік апаттарын алдын алуға ықпал етеді. Алайда атқарылған жұмыстың нәтижесі көңіл көншітпейді. Статистикаға сүйенсек, ОҚО — жол-көлік оқиғалары көрсеткіші бойынша республикада көш бастайды.

Шынар Оразова