Шымкент базарлары заман көшінен қалмауы керек. Ірі сауда орындарының санитарлық тазалығы мінсіз, өрт қауіпсіздігі жоғары сақталуы тиіс.
Осыны көздеген қала әкімдігінің өкілдері шаһардағы үлкенді-кішілі базарларды аралап көрді. Тексеруші топ 5 гектар алқапты алып жатқан «Авто нұр» базарында болып, 1500-ге жуық сатушының жағдайымен танысты. Базар басшылары сауда орнының жаңа жобасын дайындап, оны жүзеге асыруға рұқсат алып қойдық деп отыр.
Жалпы, Шымкент қаласында 19 базар бар. Олардың ешқайсысында көлік тұрағы мәселесі шешілмеген. Ал қолданыстағы заңға сәйкес, әр базар аумағының 36 пайызы автотұрақтарға берілуі керек. Базарды аралап көрген қала әкімдігінің мамандары сауда орнының басшыларына бірқатар ұсыныс, ескертпелерін айтты.
Нұрлан Жаңабай