«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктеріне 14 әлеуметтік нысан табыстады. Жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар иелігіне медициналық кешен, кеңсе ғимараттарынан құралған 5 әлеуметтік нысан өткізіледі.
2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басшылығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандар құрылысын 800 млн теңгеге қаржыландырды. Ал келер жылы ұлттық атом компаниясы уран өндіруші аймақтарды көркейтуге 1,6 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.