Қазақстанға Қырғызстан Республикасынан импорт тауар тасмалдайтын кәсіпкерлер уақтылы салық төлемейді. Осылай деген мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қала базарларында арнайы рейд ұйымдастырды.
Салық жинаушылар алдымен «Авто Нұр» базарында қырғыз елінен тауар тасымалдайтын кәсіпкерлермен кездесті. Бұған дейін бірнеше рет түсіндіру жүмыстарын жүргізген салықшылар еш нәтиже болмай отырғанын жасырмайды.
Ал 2015 жылдың тамыз айында Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке енуіне байланысты кедендік бақылау алынып тасталған болатын. Сондықтан кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер басқармасына келіп, арнайы өтініш жазып, салықты мерзімінде өтеу міндетті.
Айжан Әлімқұлова, ОҚО мемлекеттік кірістер бойынша жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бас маманы: «Бұған дейін бірнеше рет түсіндіру жүмыстарын жүргіздік. Әзірге оң тәнтиже жоқ. Тауар тасушылар бізге келіп, өтініш білдіруі керек. Егер құлақ аспаса, мәжбүрлі түрде шара қолданамыз.»