Биыл генерал-майор Жеңісбай Сұлтанов 70 жасқа толды. Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы ішкі істер министрлігі оқу орталығының түлектері батырмен кездесіп, арнайы мерекелік шара ұйымдастырды.
Кездесуде үздік тәртіп сақшысының ерліктері үлгі етіліп, мерейтой иесі жас буынмен емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Оқу орталығының ұжымы генералға құрмет көрсетіп, шапан жапты.
Айта кетейік, Сұлтанов мырза өткен ғасырдың 90-жылдары облыстың ішкі істер басқармасын басқарған. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы атындағы ІІМ мектебіне басшылық жасады. Қазір оқу орнының қабырғасында білім алып шыққан түлектер еліміздің ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүр.