Көше суретшілері Бауыржан Момышұлының бейнесін салды

751
Көше суретшілері Бауыржан Момышұлының бейнесін салды

Шымкент көшелерінің біріндегі биік қабырғада Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының бейнесі пайда болды. Патриоттық рух беретін стрит-арт стиліндегі дүниені жергілікті қылқалам шеберлері салған.

Көше суретшілері Бауыржан Момышұлының бейнесін салды

Суретшілер осымен үшінші жыл бұл қабырғаға патриоттық рухтағы суреттерді бейнелеп келеді. Алайда туындының авторлары өздерін насихаттаудан бас тартады. Өйткені олар билік айыппұл сала ма деп қорыққан.

Ал жергілікті әкімдік көше суретшілерін үш жылдан бері ешкім іздемегенін, егер туындылары патриоттық сипатта болса, ешкім айыппұл салмайтынын айтып отыр.

Суреттің ұзындығы – 12, ені 4 метрді алып тұр. Қабырғадағы батырдың суретінің жанына «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады» деген рухты сөзі де жазылған. Суретшілер өткен жылы жеңістің 70 жылдығында Рақымжан Қошқарбаевтың рейхстагқа ту тігіп жатқан сәтін салған екен. Одан бұрын қабырғаға Қазақтың қос батыр қызының бірі Әлия Молдағұлованың суретін бейнелепті. Ал аудан билігі шимай-шатпақтан көрі мағыналы суреттердің болғанын құп көріп отыр.