Рүстем Таиров

Облыстық балет және театрында сазгер Рүстем Таировтың шығармашылық кеші өтті. Өнерге құштар мүмкіндігі шектеулі жанның үлкен сахнада көрермендермен қауышуына «Шабыт шалқар» мүгедектер қоғамдық бірлестігі атсалысыпты.

Рүстем Таиров

Рүстем Таировтың облыс орталығындағы алғашқы шығармашылық кеші «Шырайлы Шымкент» әнімен бастауын алды. Көрермендердің ықыласынан қуаттанған сазгер сахнада өзін еркін ұстап, жан-дүниесінен шыққан ән әуендерімен жиналғандарды тәнті етті.

«Қадыр түні» әнінде Рүстем Алла Тағалаға ризашылығын білдіріп, жүрегіндегі бар сезімді жеткізуге тырысты. Тағдырдың тауқыметін бастан кешкен жас сазгер мойымайды. 8 жыл бұрын бақилық болған анасының құрметіне жазған әні көрерменді бей жай қалдымады.

Рүстем Таировтың үлкен сахнада шығармашылық кешін ұйымдастыру арманының жүзеге асуына «Шалқар шабыты» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлесітігі атсалысты. Опера және балет театрының залы тегін ұсынылды. Билеттерді үлестіруге облыс әкімдігі демеушілік жасапты.

Сазгердің арманы – әндеріне бейнеклип шығару. Ол үшін қаражат қажет. Қазығұрт ауданындағы Қызыл қия мәдениет үйінде қызмет етіп жүрген сазгер үмітін үзбейді. Өйткені жомарт азаматтар қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірінде жетерлік дейді Рүстем.

Шынар Оразова