Мәртөбедегі қоқыс полигонының қақпасы жабылды

521
Қоқыс алаңы

Алты ай бойы айқай болған Мәртөбе елдімекеніндегі қоқыс полигоны жабылды. Қатты тұрмыстық қалдық тасталып келген орынның кіре берісіне бетон кедергілер қойылды.

Қоқыс алаңы

«Таза қала» мемлекеттік мекемесінің басшылары сот орындаушыларына берген уәдесін орындап, өз еркімен полигенды жапты. Бұған Мәртөбе ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Қоқыс алаңы

Осыған байланысты жергілікті жұрт қорымда ағаш көшеттерін екті. Тұрғындар енді тазалыққа баса мән береміз деп отыр.

Нұрлан Жаңабай