Коммуналшылар тұрмыстық қалдықтарды темір жәшікке тастауды сұранады

114

Төтенше жағдай, карантин  енгізілгеннен бері Шымкент қаласындағы  коммуналдық сала қызметкерлері жұмысын тоқтатпады.

Коммуналшылар үйлерінде отырған тұрғындардың  аула аумағындағы  қоқыс алаңдарындағы темір жәшіктерге тастаған  тұрмыстық қалдықтарын  мерзімінде алып кетіп жатыр.

Нұрлыбек Сағындықов

Нұрлыбек Сағындықов, көлік жүргізушісі: «Абай ауданындағы Шәмші Қалдаяқов, Гагарин көшелерінен бастап  4-ші шағынауданы, «Тұрлан» тұрғын алабындағы аумақтардағы қоқыс алаңшаларынан  тұрмыстық  қалдықтарды  шығару міндеттелген. Сақтық шараларын сақтап, өз жұмысымызды атқарып жатырмыз. Карантинде де жұмысымызды тоқтатпадық».

Коммуналшылар тұрғындарды тұрмыстық  қалдықтарды темір жәшікке тастауды, ал құрылыстан жиналған қоқыстарды  төтенше жағдай  аяқталған бойда  көлік шақырып, арнайы қоқыс полигонына жеткізуді сұранады.

Шынар Оразова