Облыс әкімінің кеңесшісі тағайындалды

395
Бауыржан Омарбеков
Бауыржан Омарбеков

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков облыс әкімінің кеңесшісі – облыс әкімдігінің Астана қаласындағы өкілі болып тағайындалды. Аталған қызметте Б.Б.Омарбеков облысымыздың кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық дамуы мен туризм және инвестиция тарту мәселелерін қадағалайтын болады.

Бауыржан Омарбеков

Бауыржан Бақытұлы Омарбеков 1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы экономист.

Еңбек жолын «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалында менеджер болып бастап, «Тұран Әлем Банкі» АҚ ОҚФ, «БТА Банк» АҚ ШФ, «Альянс Банк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалында сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, директордың орынбасары болып еңбек еткен.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары және аталған басқарманың басшысы қызметін атқарды.