Оңтүстікте «Шымкент – ақылды қала» жобасының таныстырылымы өтті. Шымкент қаласында жүзеге асырылуы тиіс «Smart City» жобасын «Астана INNovations» компаниясының мамандары әзірлеген.
Облыс әкіміне таныстырылған жобада тоғыз бағыт қамтылған. Олар – денсаулық сақтау мен білім, көлік – көлік тұрағы және қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы – көшені жарықтандыру, бірыңғай төлем құжатын ендіру және аталған салада дұрыс шешім қабылдауды үйрену, қауіпсіздік – қала бойынша бейнебақылау орнату, Шымкент қалалық әкімдігінің қызмет көрсету сапасын арттыратын зияткерлік байланыс орталығы сияқты бағдарлар.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, Шымкентке «SMART-технологияны» ендірудің артықшылығы – шаһар жұртшылығының өмір сүру сапасы арта түседі. Сонымен қатар жергілікті бюджеттік шығындар азайып, сәйкесінше, кіріс көлемі ұлғаятын болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі