"Бос орындар" жәрмеңкесі облыстық "Бейнелеу өнері мұражайында өтті

Шымкентте жұмыссыздардың қатары азаяды. Бұл жөнінде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырған қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығы мәлімдеді. Айтуларынша, аталмыш шарада 2015 бос жұмыс орын ұсынылыпты. Мекеме өкілдері еңбекке тартып қана қоймай, олардың сол жерде тұрақтап қалуын өздері бақылайтын болады.

"Бос орындар" жәрмеңкесі облыстық "Бейнелеу өнері мұражайында өтті
Бос орындар жәрмеңкесі облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтті
шараға жергілікті билік өкілдері де келді
Іс-шараға жергілікті билік өкілдері де келді

Қалың жамағат пен ұзын-сонар кезек жұмыс іздеп бұрылған жандардың жәрмеңкеге қатысуына кедергі бола алмады. Олар мұнда өздерімен бірге түйіндемелерін әкеліп, мекеме басшыларымен көзбе-көз сұхбаттасты. Қызметке деген ынта-құлшысыныстарын көрсетуге мүмкіндік алғанын байқадық.

қатысушылар түйіндемелерін әкелді
Қатысушылар түйіндемелерін әкелді

Жұмыс іздеп келгендердің арасында жас пен жасамыс та бар. Бұған дейін құрылыспен айналысқан 51 жастағы Қалдыбек Қойлыбаев енді қыс ауасында тұрақты еңбекпен қамтылуды мақсат етіп келіпті.

Қалдыбек Қойлыбаев, қала тұрғыны: «Жәрмеңкеге келіп, түйіндемемді тапсырып жатырмын. Мен сырлы кірпіштерді жапсырып, берік тұтқыр заттарды қалай аламын. Және өзге де құрылыс жұмыстарын жасаймын. Бірақ қыс маусымына байланысты жұмыс тоқтайды ғой, сондықтан тұрақты жұмыс қажет. Жалақысы 100 мың теңдеген жоғары болса жақсы, әзірге іздеп жатырмын. Құдай қаласа, табамын деген ойдамын.»

Қуантарлығы — жәрмеңкеде талай маманға сәттілік серік болды. Солардың бірі — Нәбира Мұхамадаминова. ІІ топ мүгедегіне өңіріміздегі халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы жұмыс орнын ұсынды.

Нәбира Мұхамадаминова
Нәбира Мұхамадаминова

Нәбира Мұхамадаминова: «Өте қуаныштымын, себебі биыл диплом алғалы 3 ай жұмыс іздеп сабылдым. Мамандығым – дефектолог. Бірақ еш жерде бос орын болмады, сондықтан қайтарып жіберген болатын. Содан Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына бардым. Ондағы мамандар маған халыққа қызмет көрсету орталығына жолдама берді. Қазір сонда инспектор қызметіне қабылданып отырмын. Жұмыс тапқаным үшін қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мекемесіне айтар алғысым шексіз!»

Асылжан Жамалбеков,
Асылжан Жамалбеков

Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 201 кәсіпорын мен мекемелер қатысып, олар 2015 бос жұмыс орынын ұсынды. Бірақ әдеттегідей сұраныстың көбі техникалық мамандықтарға түсіп жатыр.

Асылжан Жамалбеков, Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: «Мамандарға сұраныс, әсіресе, медицина саласы мен құрылыс және әлеуметтік жұмыс орындарында көп екенін айтқым келеді. Білім беру ұйымдары да жәрмеңкеге мамандарды іздеп, арнайы келіп отыр. Біз жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші тараптардың жүзбе-жүз кездесіп, тұрақты жұмыспен қамтылуы үшін бар жағдайды жасаймыз. Және жұмыссыздар қатарын кеміту үшін бос орындарды іздеуді де бірінші орынға қойып отырмыз».

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы басшылығының сөзіне сенсек, енді жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасып, олардың сол жерде тұрақтап қалуын өздері бақылайтын болады. Айта өтейік, өткен жылы орталықтың ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесі нәтижесінде 2000-ға тарта адам еңбекпен қамтылған. Ал биыл жыл басынан шаһарда жұмыс іздеген 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасыпты.