Шымкент - 2020

16 қараша күні Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму концепциясы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Жиында журналистер арасында аталмыш тұжырымдаманың маңыздылығын нәсихаттау мәселесі сөз болды. Нұрлыбек Жеңісбек қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Шымкент - 2020

Еске салар болсақ, 10 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында қала басшысы Ғ.Әбдірахымов облыс әкімі Б.Атамқұловтың алдында шаһардың болашақ 5 жылда жүзеге асатын даму жоспары туралы айтқан болатын. Осыған орай іске кіріскен қала әкімдігінің тиісті бөлімдері өздерінің бір апта көлемінде істелінетін жұмыстары туралы мәлімдеді.

Нұрлыбек Жеңісбек, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, баспасөз қызметінің жетекшісі: «Қаланың алдағы 5 жылдық даму жоспарына сай әр сала бойынша жұмыстар қыза түсуде. 17 қараша қалалық әкімдіктің ғимаратында Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Онда коммуналдық шаруашылыққа байланысты ұсыныстар мен жобалар ортаға салынып, оң шешім табу жолдары қарастырылады. Апта соңына дейін жобада қамтылған мәселелер туралы күнделікті іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.»

Айта кету керек, қала басшылығы осы бір аптада өтетін іс-шара жоспарын бекітіп, жауаптылар шаһардың болашақ жоспарына сай іске көшті.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі