Таскендегі Бахтыбаев көшесінің тұрғындары жол азабын тартуда

443
Таскен

Артық қыламын деп, тыртық қылды. Таскен шағынауданына газ құбыры тартылғалы бері бақандай бір көшенің тұрғындары толарсақтан саз кешіп жүр. Жауын-шашын жиілеген шақта батпаққа батқан жұрттың жауаптыларға өкпесі қара қазандай.

Таскен

Газ құбыры тартылғалы бері Таскен шағынауданыдағы Бахтыбаев көшесіндегі жағдай мәз емес. Мұнда жаяу жүру түгілі көлік қатынасы мұңға айналған. Төңіректің барлығы шұрық тесік, оған қоса жаңбырлы күндері жолдың бойы лай-батпақ.

Жергілікті жұрт аурухана мен мектепке қатынау үшін екі шақырым жолды жаяу жүруге мәжбүр. Өйткені бұдан бұрын тұрғындар басты көше арқылы әрлі-берлі өтетін. Ал қазір жеке меншік нысан бой көтергендіктен, қараша халық айналма жолдың азабын тартуда.

Сәуле Оразова: «Біз бұл участкені сатып алғанбыз. Жолды заңды түрде жаптық. Жергілікті тұрғындар қатынайтын бұл жолдың бойы бұдан бұрын қоқысқа толы еді. Менің отбасым оны өзі тазалап алды. Сондықтан бұл жер — менің жекеменшігім. Ешкімді өткізбеймін.»

Жергілікті тұрғындардың бас ауруына айналған бұл проблемалар атқамінерлер үшін таныс жағдай. Дегенмен оның шешілуіне келгенде дәрменсіздік танытып отыр.

Жауын-шашынды күндердің маусымы әлі алда екенін ескерсек, тұрғындардың талай мәрте толарсақтан саз кешуіне тура келеді. Өйткені нақты әрекетке көше қоймаған шенеуніктер мәселенің шешімін тағы біраз созбаққа салатын түрі бар.

Лаура Мамырова