Облыстық Опера және балет театрында премьера. Өнер ордасында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы қойылады. Сахналық қойылым 18-19 қараша күні өтпек.
Бұл іс-шара ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналып отыр. Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халық әндерімен әдемі жарасым тапқан.
Жазушы М.Әуезовтың либреттосына жазылған «Абай» операсын еліміздің белгілі өнер майталмандары сахналауда. Қойылымның музыкалық және көркемдік жетекшісі, қоюшы-дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Асқар Бөрібаев, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Махинур Рахманова, режиссер кеңесшісі — Қазақстанның халық әртісі Ғафиз Есимов, вокал бойынша кеңесші — Қазақстанның халық әртісі Рахима Жубатурова.
Қойылымның бас суретшісі – Бақытжан Күзембаев, бас балетмейстер — Қазақстанның мәдениет қайраткері Рита Хайрушева, бас хормейстер – Бағлан Алтаев.
Басты партияларды орындаушылар:
Абай — Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, Марат Оразметов;
Айдар – Е.Жандарбай, Ж.Қаңтарбаев, М.Дүйсеев;
Ажар – мәдениет қайраткерлері Ү.Сейілбекова О.Дәулетова, А.Азатова, Ж.Мұсаева;
Әзім — Қ.Құлыншақов;
Қарлығаш – Г.Раскалиева, Г.Ахетова, Қ.Бердияр;
Көпбай — Б.Турсуманов, Т.Нагимбаев;
Сырттан — А.Скибин;
Жиренше – Е.Рзин, Р.Сейдуллаев;
Нарымбет – Н.Жүсіпбеков;
Мес — А.Исматуллаев және жігіттер, қарттар, әйелдер, халық – хор әртістері және балет труппасы.
Қойылым 4 акті, 5 көріністен тұрады. Спектакльдің ұзақтығы — 2 сағат 10 минут.
Басталуы сағат 19.00-де. Байланыс телефоны: 56-77-45