Туберкулезге қарсы диспансерге — 90 жыл

367
Тубдиспансерге - 90 жыл

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерге — 90 жыл. Ғасырға жуық медициналық бағытта қызмет етіп келе жатқан денсаулық мекемесінің қызметкерлері мерейтойда ерекше құрметке бөленді. Салтанатты шарада диспансердің алғаш құрылған жылдарында сүбелі еңбек етіп, әлеуметтік жағдайдың көтерілуіне үлес қосқан ардагерлер мен ұжым қызметкерлері марапатқа ие болды.

Тубдиспансерге - 90 жыл

Ескеретін жайт, республика бойынша туберкулезге қарсы қызметті қалыптастыруда, ауруды анықтау мен емдеудің жаңа тәсілдерін ендіруде Оңтүстік алдыңғы қатардан көрінді. 1959 жылдан бастап диспансерде құрт ауруы түрлерін хирургиялық жолмен алғаш емдеу әдісі қолға алынды.

Тоқсан жылды артқа тастаған денсаулық сақтау мекемесінде бүгінде 400-ден аса қызметкер бар. Оның 70-і жоғары білікті дәрігерлер болса, 250-ге жуығы — орта буын мамандары.