Шымкентте үйге бомба қойылғаны жайлы жалған хабар беріп, елді дүрліктірген азаматқа іздеу жарияланды. Бұған қоса ол өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырыпты.
Осы жалған хабарды таратқан адамдардың жеке бастары алғашқы күні-ақ анықталды. Олар сол №36 үйдегі пәтердің бірінің тұрғындары болып шықты.
Дегенмен, тұрғындардың айтуынша, олардың құтын қашырған хабарды белгісіз азамат айтыпты. Ол көрші пәтердің бірінің есігін қағып, өзін «Су арнасы» мекемесінің қызметкерімін деп таныстырады. Су өлшеуіш құралды тексеремін деп, ішке кіріпті.
Бірақ, содан кейін барлық бөлмелерді аралай бастаған.Оның себебін сұраған үй иелеріне өзін негізінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп жауап беріп, осы үйде жасырылған минаны іздеп жүргенін айтқан. Белгісіз азамат кеткен соң мазасызданған үй иелері полицияға қоңырау шалған.