Жер құжаттарын рәсімдеу қажет

496
Құжат заңдастыру

Шымкент қаласы аумағы бүгінде 117 мың гектарды құрайды. Қаланың аумағына енген барлық елдімекендердегі нысандар талапқа сәйкес қайта құжаттандырудан өтіп, тұрғылықты халық мекен жайы бойынша құжаттарын рәсімдеуі тиіс.

Құжат заңдастыруОдан бөлек, жыры бітпейтін жер мәселесін заңдастыруды да ұмытпаған жөн. Таяуда кезекті рет қоғамдық тыңдау өтіп, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер телімдерінің мәселесі қаралды.

Шымкенттің аумағына өткен жер телімдеріндегі нысандарды заңдастыру шаралары жалғасуда. Бұл жол қала әкімдігінде қоғамдық тыңдауда қаланың іргесіндегі Орманшы елді мекеніндегі жер телімдері жәйі талқыланды. Сала мамандары 6,8 гектар жерді заңдастыруда күрделіктер барын жасырмады.

Орманшы елдімекеніндегі пайдалануға берілген 300 орынды мектеп 2,3 гектар жер алқабында орналасқан. Білім ошағының ғимараты мен ауласын заңдастыру кезек күттірмейді. Сондықтан ол бойынша оң шешім қабылданды.

Елдімекендегі өзге де нысандарға қатысты құжаттарды рәсімдеу жұмысы жүргізілуде. Жер қатынастары бөліміндегілер заңдастыруға жиналған материалдарды келесі қоғамдық тыңдауға дайындайды.