ҚазАвтоЖол

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков пен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Б.Сопбеков бастаған жұмыс тобы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және Шымкент қаласының жолдарын 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде күтіп ұстау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің дайындық жұмыстарымен танысты.

Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

Облыс аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 786 шақырым. Оның 636 шақырымын «ҚазАвтоЖол» мекемесі, 182 шақырымын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «Дена Рахсаз/Саргин», «Корпорация Синохайдро», «Тодини/Импреджило/Аккорд» және «АКМ – Планум» мердігер мекемелері 2015 – 2016 жылғы қыс мезгілінде күтіп ұстауы тиіс.

Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

Бүгінде «ҚазАвтоЖол» мекемесінің облыстағы филиалында республикалық манызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына қажетті 11450 текше метр инертті материалдар, 250 тонна тұз дайындалған. Арнайы жол техникаларының саны – 59 техника.

Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

Бұған қосымша аталған мекеме «Шымкентдорстрой», «Ақ жол», «Наурыз-25» ЖШС секілді мердігер мекемелерімен келісім-шартқа отырған. Шымкент қаласындағы 156 көше 16 бағыт бойынша қардан тазартылады.

Бұл жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс», «Байтерек-Л.Б» және «Югдорстрой» ЖШС атқарады. Бүгінгі таңда қала бойынша 84 арнайы қар күреу және құм себу техникасы әзір тұр. Сонымен қатар қар күреу жұмыстары барысында 12 бортты техника мен 2 грейдер де пайдаланылатын болады. Инертті материалдардың жалпы қоры: 20000 текше метр құм, 3000 тонна тұз.