Түркістан облысында 14 бағытта жол жабылды

38
фото ТО ПД

Түркістан облысында қалың қар мен бұрқасын салдарынан жолдар жабылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құтқарушылары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 1 республикалық, 13 облыстық жол жабық тұр.
Қазіргі кезде республикалық «Алматы – Ташкент – Термез» тас жолының Түлкібас аумағындағы бөлігі барлық автокөлік түрлері үшін жабылды. Сондай-ақ Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар «Шолаққорған-Ащысай-Кентау» автожолында да күн райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды.
«Облыс аумағындағы «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік», «Ұланбел-Созақ-Шолаққорған-Шаян-Екпінді» Түлкібас ауданындағы «Машат» демалыс аймағы, «Кершетас-Келтемашат-Даубаба», «Көксәйек-Нысанбек», «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Сайрам», «Балықты-Абай-Пәстелі-Жаскешу», «Шарапхана-Жанабазар-1 мамыр», «Ағайдар-Екпінді» жолдарында барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Бүгінгі таңда құтқарушылар жолда қалып қойған көліктерге көмек беруде. Әзірге қар құрсауында қалып қойған жолаушылар жоқ.