Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

391
ҚазАвтоЖол

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков пен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Б.Сопбеков бастаған жұмыс тобы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және Шымкент қаласының жолдарын 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде күтіп ұстау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің дайындық жұмыстарымен танысты.

Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

Облыс аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 786 шақырым. Оның 636 шақырымын «ҚазАвтоЖол» мекемесі, 182 шақырымын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «Дена Рахсаз/Саргин», «Корпорация Синохайдро», «Тодини/Импреджило/Аккорд» және «АКМ – Планум» мердігер мекемелері 2015 – 2016 жылғы қыс мезгілінде күтіп ұстауы тиіс.

Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

Бүгінде «ҚазАвтоЖол» мекемесінің облыстағы филиалында республикалық манызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына қажетті 11450 текше метр инертті материалдар, 250 тонна тұз дайындалған. Арнайы жол техникаларының саны — 59 техника.

Жол қызметтерінің дайындығы тексерілді

Бұған қосымша аталған мекеме «Шымкентдорстрой», «Ақ жол», «Наурыз-25» ЖШС секілді мердігер мекемелерімен келісім-шартқа отырған. Шымкент қаласындағы 156 көше 16 бағыт бойынша қардан тазартылады.

Бұл жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс», «Байтерек-Л.Б» және «Югдорстрой» ЖШС атқарады. Бүгінгі таңда қала бойынша 84 арнайы қар күреу және құм себу техникасы әзір тұр. Сонымен қатар қар күреу жұмыстары барысында 12 бортты техника мен 2 грейдер де пайдаланылатын болады. Инертті материалдардың жалпы қоры: 20000 текше метр құм, 3000 тонна тұз.