Қайнарбұлақ

Қайнарбұлақ қоқыс ортасында қалды. Елдімекен тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықтың айлап алынбайтынын айтып шағымданды. Амалы таусылған көпшілік қоқыстарын көше бойына тастауға мәжбүр. Одан бөлек шағынауданға ауызсу құбырын жүргізген компания топырақ пен шағал тасты көшеге төгіп, жаяу жүргіншілердің зығырданын қайнатқан.

Қайнарбұлақ

Бұрынғы саяжайда 42 бақша кооперативі бар. Қаратау ауданына қосылғалы мұнда қатты тұрмыстық қалдықты шығаратын үш мекеме қызмет етеді. Тұрғындардың 70 пайызымен келісім-шарт жасалыпты. Бірақ, көрсетілген қызмет ақысы әлі күнге дейін төленбеген. Көпшіліктің коммуналшыларға үш млн теңге берешегі бар.

[youtube]https://youtu.be/PFMkx4pWxpY[/youtube]

Бүгінгі таңда аудан әкімдігі сол қарыздарды қайтару жолдарын қарастыруда. Қордаланған қоқысты тазалауды да өз мойындарына алып отыр. Ал елдімекенге ауызсу жүргізген серіктестіктің жаяу жүргінші жолына төгіп кеткен шағал тасы пен топырағын жинау әжептеуір қиындық туғызған.

Қайнарбұлақ

Осы кезде 95 шақырым су құбырын жүргізген құрылысшылар тау болып үйілген топырақты өздері тазалайтындарын мәлімдеді. Осылайша қоқыстың ортасында қалған қайнарбұлақтықтардың мәселесі шешілді.

Нұрлан Жаңабай