Үнді тауарларының көрме-сатылымына келіңіздер

458

Хош иістер мен косметикалық заттардың, әшекейлер мен тондардың кең таңдауы. Жаңа жыл қарсаңында «Әл Фараби» сауда үйінде эксклюзивті тауарлардың қос бірдей сатылым-көрмесін ұйымдастырылды. «Шығыс бояулары» үнді жәрмеңкесінде мерекелік сыйлықтардың сан түрі саудаға түсті. Ал табиғи тондарды бағалай білетін қыз-келіншектерге ресейліктер арнайы базарлық ұсынады.

Сауда-көрме

Құнды құндыздар мен түлкі терісінің түр-түрі осында. Табиғи ішіктерден жасалған жоғары сапалы тауарлардың 5 000-нан аса түрі саудаға түсті. Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрме-сатылымынан тондар мен кеудешелерді қолжетімді бағада алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл орайлы сәтті Шолпан Ермаханова да ұтымды пайдаланып қалды. Қаланы шарлап жүріп іздеген тонын ол осы жерден тауыпты.

14 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өтетін сатылым көрмесінде тондардың барлық түрлері қолайлы бағада саудалануда. Сондай-ақ, барлық тауарларды нақты ақшалай және бөліп төлеуге, тіпті, несиеге алуға да болады. Жергілікті сәнқойлар үшін теріден жасалған түрлі-түсті, табиғи және боялған тондар ұсынылып отыр. Шебер қолдан шыққан 38-74 өлшемді ішіктер кез келген мүсінге құйып қойғандай жараса кетеді. Классикалық және сәнді ішіктердің де таңдауы кең.

«Әл Фараби» сауда үйінің 4-қабатында хош иісті шайлар мен пайдалы дәмдеуіштерден бастап киім-кешектің түр түрі, көз жауын алардай әсем әшекейлер де осында. Ал цейлон шайы дүңгіршегі көрменің көркін аша түсті. Қызыл және қара шайдың сан түріне сергіткіш қасиетке ие сусындарды сүйетіндердің сұранысы зор болды.

Үнділердің базарлықтары мұнымен де бітпейді. Қыз-келіншектер үшін табиғи қоспалардан жасалған косметикалық заттар мен әшекей бұйымдар ұсынылды. Мұнда тіпті ең талғампаз тұтынушының да құралақан қайтпасы анық.

Ендеше, мүмкіндігіңізді мүлт жіберіп алмаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызыға эксклюзивті жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға асығыңыздар. Сатылым көрмелері 3-қаңтарға дейін жалғасады.