2015 жылдың 23 желтоқсанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдауға ие болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды.
«Даму» қоры мамандарының мәліметінше, субсидиялау бойынша 525 жоба мақұлданған, несие мөлшері 137 млрд теңгені құрады. Оның ішінде моноқала, шағын қала және ауылдағы кәсіпкерлердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 10% дейінгі көлемде) бойынша 2,63 млрд теңге сомасында 45 жоба, кәсіпкерлерді салалық қолдау (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 7% дейін және өңдеу өнеркәсібі саласы үшін 10% дейін) аясында 74,32 млрд теңге сомасында 407 жоба, валюталық қатерді төмендету (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 7% дейін) бойынша 45,92 млрд теңгеге 59 жоба, ал «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындакәсіпкерлік саласына қайта қалыпқа келтіруге 14 млрд теңге сомасында 14 жоба мақұлданған.
Айта кету керек , 2015 жылдың 10 айында «Бизнестің жол картасы 2020» — бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасына қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 5 321 млн теңге салық төленген. Кепілдендіру бойынша 4 млрд теңге жалпы несиеге ішінара кепілдеме тағайындау үшін 92 келісім-шарт жасалған. Ал кепілдеме сомасы 1,75 млрд теңгені құрап отыр.
«Даму» қоры кепілдендірген ең шағын жоба — киім өндірісімен айналысатын Л. Адырбаеваның жеке кәсіпкерлігі. Жобаның жалпы құны 1,120 млн теңгені құрайды, кепілдеме сомасы — 784 мың теңге.
Бағдарламаның Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылу кезеңінен бастап 142 кәсіпкер-әйел пайыздық мөлшерлемені субсидиялаған. Жобаның жалпы сомасы 19 млрд теңгені құрап, «Даму» қоры кәсіпкер-әйелдердің 649 млн теңгелік 24 жобасына кепіл болды.
Бұдан кейін БАҚ өкілдері алюминийден жасалатын созылмалы сым илемдері мен алюминий құйма өндірісі зауытының ашылуында болды. «ЦветЛит» ЖШС өндірістік қуаты жылына 24 мың тонна алюминий созылмалы сым илемін және 12 000 алюминий құймасын шығаруға жетеді. Қазіргі уақытта бұл өнеркәсіп Қазақстан бойынша алюминий сым илемдерінің ірі өндірісі болып табылады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында компания жаңа жабдықтар сатып алуға 485 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Тағы 132 млн теңге нысанды тұрғызуға алынған. Жалпы инвестиция көлемі 950 млн теңгені құрайды. Жобаны жылдық 6%-бен қаржыландыру 2014 жылдың қараша айында жүзеге асырылған.
Қазақстан үшін инновациялық болып табылатын металл өңдеу әдісін оңтүстік қазақстандық «Трубмашхолдинг» ЖШС кәсіпорны меңгерген. 2014 жылдың тамыз айында компания заманауи жабдық сатып алу үшін 160 млн теңге көлемінде несие алған. Кәсіпорын үшін пайыздық мөлшерлеме 14% құраған, оның 7%-ын «Даму» қоры, қалған 7%-ын кәсіпорын өзі өтейді.
Оның үстіне компания несие алуға мүмкіндік беретін «Даму» корының кепілдемесін пайдаланған, яғни кепілдеме құнын екі есе арттыратын. Кепілдеме банк алдында несие құнынының 50% құраған, бұл жағдайда «Даму» қоры компанияның банк алдындағы несиесінің жартысын кепілдендірген (80 млн теңге). Жоба аясында 10-нан аса түрлі құрал-жабдық алынған, оның ішінде металл өңдейтін станоктар, пеш, компрессорлық құрылғылар бар. Өнімнің сапасын бағалайтын зертхана құрылған.
«Эге Шымкент» ЖШС алюмин және ПВХ профил, ағаштан терезе, витраж, есік жасайды, шыныпакет, баспалдақ маршын әзірлейді, ағаштың түрлі сортынан жиһаз шығарады. Компания 1999 жылдан бері нарықта. Алғашында ол жоғары сапалы пластик бұйымдары мен жиһаздың әртүрлі түрін шығаруға мамандандырылған болатын. 2014 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бағдарламасы аясында кәсіпорын жылдық 6% бес жылға 236 млн теңге несие алған. Бұрынғы кәсіпорын базасында екі қабатты кешен салынып, өндіріс үшін жаңа жабдықтар алынған.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы мемлекет тарапынан қаржылай және қаржылай емес құралы бар кәсіпкерлікті қолдаудың бірегей жүйесін тағайындауда.
Жаңадан өз ісін ашқан және жұмыс істеп жатқан бизнесін кеңейтуші кәсіпкер, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялай алады, несие бойынша ішінара кепілдеме алып немесе инженерлік коммуникация жүргізіп, бағдарлама қаржысы есебінен оқып, тіптен шетелде осындай кәсіпорыннан тағылымдамадан өте алады.
Сонымен қатар басқару, өндіріс, халықаралық нарық саласында тәжірибесі мол шетелдік аға сарапшыларды шақыра алады, яғни ақысыз негізде жабдықтармен қалай жұмыс істеу керектігін үйрету үшін, бизнесті жүргізуде, тиімді бизнес-процессті жасауда , тауар мен қызмет түрін жандандыруда өз тәжірибесімен бөлісуді үйренеді.
«Даму» қоры тарапынан көрсетілетін қаржылай емес қолдаудың бірі – кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО). Орталықтар бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашуға және оны жүргізуде «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Шымкент қаласында ең алғаш кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2012 жылдың қазан айында, ал Түркістан қаласында 2014 жылдың 31 желтоқсанында ашылды.
Жыл басынан бері «Даму» қорының аймақтық филиалы жанындағы КҚКО-да 4179 бастауыш және әрекет етуші облыс кәсіпкерлеріне 9861 қызмет түрі көрсетілген.