Облыс мәслихатының депутаттары өңіріміздің алдағы 3 жылға арналған бюджетін бекітті. Түрлі салаларға қатысты 27 мәселе тұрақты комиссиялардың отырысында жіті талқыланғандықтан, оларға қатысты шешім бірауыздан қабылданды.
Қаржының басым бөлігі бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысына, бюджеттік мекемелерді күтіп ұстауға, өтпелі нысандардың құрылысын аяқтауға бағытталды.
Өңірдің даму бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар негізге алынып, тұрғын үйді жаңарту, тұрғындарды ауыз сумен қамту сияқты бағдарламалар бойынша пайдалануға берілген нысандардың сапасын бақылауға алу жөнінде ұсыныстар жасалды. Индустриалды аймаққа жұмсалған қомақты қаржы да қайтарымды болуы тиіс дейді халық қалаулылары.
Депутаттар тағы бір мәселені көтеруде белсенді болды. Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы соңғы кездері оңды-солды үлестірілуде дейді халық қалаулылары. Ол бірінші кезекте награданың қадірін кетіреді.
Шалғай аудандағы Қожатоғай ауылында мал шаруашылығымен айналысамыз деп, көшуден бас тартқан 15 отбасына жәрдемақы төлеу мәселесі де күн тәртібіне ұсынылды. Бұл проблема бойынша облыс басшысы жауаптыларға сессияда тапсырмалар жүктеді.
Бұған қоса 44-сессияда депутаттар мерейтой иелерін де назардан тыс қалдырмады. Оларға облыс мәслихатының грамоталары табыс етілді.
[youtube]https://youtu.be/zjL3ifRmY_U[/youtube]
Шынар Оразова