Еріктілер мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлады

455

Шымкенттегі «Оңтүстік» қабылдау үйі балалардың шат-шадыман күлкісіне толды. Жүздері бал-бұл жалған бүлдіршіндер «Аяз ата, Аяз ата, Ақша қар, Ақша қар» деп айқайлауда.

Мұнда қайырымдылық шарасы өтті. Күллі бала Аяз атаны қаумалап, жаңа жылдық шыршаны айналды, Ақша қармен биледі. Одан кейін кеш ұйымдастырушылары балаларға сыйлықтар үлестіріп берді.

«Құтты болсын, жаңа жыл!» қайырымдылық шарасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жеткіншектерге арналған. «Бізбен бірге» еріктілер мектебі ұйымдастырған жаңа жылдық думанға 400-ге жуық балғын қатысты. Қайырымдылық шарасына жастар орталығы Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметі де қолдау көрсеткен.