Контрабанда

Шымкентте ірі көлемдегі дәрі-дәрмек контрабандасы әшкереленді. Бұл фактіні ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің мамандары анықтаған.

Контрабанда

«Шымкент-Арыс-Сарыағаш» жүк пойызының вагонындағы зат шекарашылардың күдігін туғызған. Құжатта ондағы бұйымның қорап деп көрсетіліпті. Бірақ, ішінде не бар екені жазылмаған.

Кейін мамандар тексерген кезде вагонда бос қораптар емес, эпилептикаға қарсы, күшті әсері бар және ауруды басатын фармацевтикалық заттар табылды. Сондай-ақ, «Гербалайф» өнімі де шықты.

Заңсыз жолмен тасымалданбақ болған заттың жалпы салмағы 14 тонна 761 келіні құраған. Бұған қоса бос деп көрсетілген қораптардан азық түлік пен наркотикалық әсері бар тауар тәркіленді.