Шымкентке қарасты Қаратау ауданы, Сайрам ауылында тұратын оралман отбасылардың шаңырағы шаттыққа толды. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекені асыға күтетін бүлдіршіндер үшін арнайы жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылды.
Аяз ата мен қарша қыздың қатысуымен өткен мерекелік кешке көп балалы отбасыдан шыққан 27 бүлдіршін қатысты. Өнерін ортаға салған балаларға Аяз ата түрлі тәттілер мен ойыншықтар сыйлады. Баспанасыз қалып, бүгінде бұрынғы наркологиялық диспенсер ғимаратын паналаған көп балалы қандастарға аудан әкімдігі тарапынан көмек көрсетілуде.