ОҚО фармацевтикалық академиясы заман үрдісіне әзір

877
Медициналық кадрларды замануи дайындаудың басты бағыттары

2016 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында жаңа бағдарлама жүзеге асырылады. Ақ халаттылардың бас құжатында білікті мамандарды даярлауға мол көңіл бөлінген. Әсіресе, оларды дайындайтын жоғары оқу орындары мен медицина мекемелеріне бірқатар міндеттер жүктелген. Оны өз деңгейінде атқару үшін таудай талапта қойылып отыр.

Медициналық кадрларды замануи дайындаудың басты бағыттары

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы жүктелген міндетті мінсіз атқаруға бел байлап отыр. Оқу орны базасында «Медициналық кадрларды замануи дайындаудың басты бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға жұмыс берушілер қатысып, мамандарды даярлау бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты — денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту. Осыған орай қолданыстағы ұлттық біліктілік жүйесіне сәйкес келетін даярлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі қайта қаралды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында өткен дөңгелек үстелде жұмыс берушілер және білім ордасының ұжымы медициналық кадрларды замануи дайындаудың басты бағыттарын айқындауда.

Фармацевтикалық академиядағы оқу бағдарламалары жұмыс берушілердің ұсыныстары мен талаптарына негізделген. Сондықтан теориялық білім тәжірибемен ұштасып жатады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

Медицина саласына қажетті мамандарды даярлауға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында аса көңіл бөледі. Сондықтан білім ордасының ұжымы өңірдегі медицина мекмелерінің басшыларымен кездесіп аталған бағытта атқарылатын жұмыстарды пысықтауды дәстүрге айналдырған.

Шынар Оразова