Президенттік шырша

Өңіріміздің балғындары мемлекет басшысынан жаңа жылдық құттықтау естісе, облыс әкімі оларға Елбасының атынан ноутбук сыйлады.

Президент шыршасы мекересі Шымкенттегі «Оңтүстік цирк» ғимаратында өтті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атпен ұйымдастырылған мерекеге облыстың аумақтарынан келген 200 бала қатысты.

Президенттік шырша

Шыршатойда балалар Ұлы Жібек жолының картасы бейнеленген көрініс пен биыл өткен мерейлі мерекелер, Президенттің өнегелі жолдары сипатталған бейне роликті тамашалады. Ертегілер әлеміне саяхат жасап, LED экран арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын тыңдады.

Президенттік шырша

Балғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы жиналған барша өренді мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады. Сонымен қатар «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты керемет кітаптар мен тәттілер сыйға тартылды.

Президенттік шырша

Мерекелік шыршатой өнерлі балалар дайындаған бағдарламасымен жалғасып, барлығы естелік суретке түсті.

Президенттік шырша

Жалпы, биылғы жетістіктер аз емес. 2015 жылы Оңтүстіктің оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында, спорт пен өнер сайыстарында жүлделі орындардан көрінді.

Президенттік шырша

Мәселен, облыс оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екі бағыт бойынша ІІІ орындар мен «Үздік олимпиадалық мектеп — 2015», «Үздік олимпиадалық команда — 2015» және «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» атақтарын иеленді.

Президенттік шырша