«Оңтүстік» индустириалды аймағы жылды қорытындылады

196
Индустриалды аймақта 37,5 млрд теңге көлемінде 42 жаңа жобаларды іске асыру және 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр

Жыл басынан бері «Оңтүстік» индустириалды аймағында 8 кәсіпорын іске қосылды. Осылайша аймақтағы өндіріс орындарының саны 35-ке жетті. Бұл туралы басқарушы компанияның басшысы мәлімдеді.

Айтуынша, пропиленді қапшық шығаратын бір кәсіпорын әзірге тоқтап тұр. Алайда, бұл өндірісті де іске қосу мақсатында тиісті шаралар жасалып жатыр.

Индустриалды аймақта 37,5 млрд теңге көлемінде 42 жаңа жобаларды іске асыру және 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр

«Оңтүстік» индустриалды аймағында 71 жоба қарастырылған. Бүгінге дейін іске қосылған кәсіпорындардың инвестициялық көлемі 80 млрд теңгені құрап отыр. Соңғы екі жылдың ішінде мұнда 60 млрд теңгенің тауары өндірілген.

Айта кетейік, соңғы бес жылдың ішінде аймақта бас-аяғы 36 кәсіпорын іске қосылды. Қазір оның бірі өнімін саудалай аламағандықтан тоқтап тұр. Алайда, басқарма қазір нарық талаптарының үдесінен шыға алмай қалған кәсіпорынға қайта жан бітірудің қамына кірісіп кетті.

Осылайша басқарма басшысы жылды қорытты. Биылдыққа табысын еселеп, облыстың экономикасына елеулі үлес қосқан 7 өндіріс ошағына үздік кәсіпорын номинациясын үлестірді. Ал басқарманың алғыс хаттары 12 өндіріс орнының басшыларына үлестірілді.

Келер жылы «Оңтүстік» индустриалды аймағында тағы 22 кәсіпорын бой көтереді. 2016-2017 жылдары аудан-қалаларда 7 индустриалды аймақтың құрылысы аяқталмақ. Олардың қатарында Арыс қаласы, Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Төле би, Ордабасы аудандарындағы индустриалды аймақтары бар. Басқарма басшылығы қаржылық дағдарысты ескере отырып, кәсіпорындарда дайындалатын өнімді сату тұрғысынан қолдау көрсетуде күшейтпек.

Мақпал Рысбаева