Оңтүстікте дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары нақтыланды

296
Облыс әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен мәжілісте экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты 2016-2018 жылдары қамту бойынша өңірдің дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары қаралды.

Облыс әкімдігіӨңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен өткен жиында дағдарысқа қарсы іс шаралар жоспарын облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев таныстырды.

Екі жылдық жоспарда облыста өнеркәсіп пен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, жұмыс орындарын құру, инфрақұрылым, бюджет және салықтық түсімдер мен азық-түлік тауарларының бағаларын өсірмеу шаралары қаралған.

Сонымен қатар жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу және заңдастыру, мемлекеттік жекеменшік әріптестігін дамыту, халықтың тұрғын үйлерге қолжетімділігін арттыру сынды бағыттар бойынша да жұмыстар атқарылмақ. Жиында дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарындағы аталған мәселерлер кеңінен талқыланып ұсыныстар қабылданды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі