Облыстық дәрігерлер жылды қорытындылады

488
Онкологиялық орталық. Денсаулық сақтау
Онкологиялық орталық. Денсаулық сақтау

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2015 жылды қорытындылады. Медицина саласындағы биылғы жоспар 100 пайыз орындалып, алға қойған міндеттердің дені халықтың денсаулығын жақсартуда нәтижелі аяқталды.

Онкологиялық орталық. Денсаулық сақтау
Онкологиялық орталық. Денсаулық сақтау

2015 жыл медицина саласы үшін жемісті болды дейді денсаулық сақтау басқармасының басшылары. Өңірде бұрын-соңды болмаған трансплантациялық оталар жасалып, хирургиялық емдеудің жаңа тәсілін дәрігерлер қолдана бастады. Соның нәтижесінде 30-дан астам азаматқа ағза алмастыру отасы жасалып, науқастардың мүгедек болу қаупінің алды алынды.

Ал облыстық клиникалық аурухана жанынан ашылған соll-орталықтың жұмысы әлеуметтік саланың дамуына зор үлес қосты. Бұл орталыққа өңірдегі 112 медициналық ұйым бекітілген. Бұл денсаулық мекемелерінде 7308 дәрігер, 22 027 орта буын маман қызмет көрсетеді. Жыл сайын оқытылатын ақ халаттылардың саны 10 есеге өссе, ауылдық жерлерде кадрлардың жетіспеушілігі 3 есеге төмендеген.

Ана мен бала өлімінің көрсеткіші биыл төмендеп отыр. Дегенмен қоғамының белсенді нәзік жандылары бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де болсын күшейтуді ұсынды. Бұл туралы азаматшалар халықаралық әйелдер форумында бас көтеріп, жедел қызмет көрсету сапасының төмен екенін айтқан еді. Өйткені ана мен бала денсаулығына, өлім-жітімге әкелінетін тұстар осымен байланысты.

Әлеуметтік жағдайдың ақсап тұрған бұл проблемасын облыс әкімі өз қадағалауына алды. Тапсырмаға сай жедел жәрдем стансасы жаңа жылдан бастап қосымша бригадалармен толықтырылады. Қазір өңірдің бас дәрігері осы бағыттағы жұмыстардың жоспарын түзеуде.

Лаура Мамырова