Ономастика комиссиясы

Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясының төрағасы Е.Айтахановтың төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Ономастика комиссиясы

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырлары мен бірнеше медальмен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне және объектілерге тоқтамнан тыс атау беру бойынша Қазақстан Республикасы премьер-министрі орынбасарының 2015 жылғы 16 сәуірдегі №20-56/И-204 тапсырмасына сәйкес, нысандар мен көшелерге атау берілді.

Атап айтқанда, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас, Төле би, Шардара аудандарындағы білім және мәдениет мекемелері мен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау жөнінде келіп түскен 30 ұсыныс (8 мектеп, 1 мәдениет үйі, 18 көше, 1 саябақ, 2 елдімекен) қаралып, талқыланды.

Нәтижесінде 7 мектептің, 16 көшенің, 1 саябақтың ұсыныстары оң шешімін тауып, қалған 1 мектеп, 1 мәдениет үйі және 2 көше, 2 елдімекеннің құжаттары шешімін таппай кері қайтарылды.

– Осындай әлеуметтік нысандарға Отан үшін қан кешіп, жастық шағын құрбан еткен ардагерлеріміздің есімін берудің жастарымызға тәрбиелік маңызы бар. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бүгінгі жастарға кеңінен насихаттап, батыр аталарымызды есімізге мәңгі сақтауымыз қажет, – деді Е.Айтаханов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі