Шымкент: Абай ауданында 164 көшенің атауы жоқ

213

Шымкент қаласындағы Абай ауданы аумағындағы жалпы 1025 көшенің  861-нің атауы бар, қалған атауы жоқ 164 көше бойынша қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс берілген.

Тақтайшалар орнату жұмысына тоқталсақ, аудан бойынша 1025 көшенің 686 көшесіне 48 943 тақтайша ілінген, оның ішінде 2020 жылы 20,6 млн. теңгеге 132 көшеге 6880 жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды.

2021 жылға 175 көшеге 13 596 тақтайша, 2022 жылға 164 көшеге 11 000 тақтайшалар орнату жұмыстарына қаржы бөлу бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік ұсыныс берілді.

Шынар Оразова