Шымкентте ғаламтор қолданушыларға қажетті тренинг өтті

377
интернет тренингі

Шымкентті «Канвас» қонақ үйінде «Журналистің интернеттегі құқықтық қауіпсіздігі» атты тренинг өтті. 20-ға жуық журналист, блогер және үкіметтік емес ұйым өкілдері келген тренингте интернеттегі құқықтық сауаттылық мәселесі айтылды.

интернет тренингі

Интернетте жарияланған контентке қатысты сот істерінен мысалдар келтірілді. Жеке өмір деректерін қорғау хақында құнды кеңестер берілді. Интернет қолданушысы ондағы жазғанына жауапты деген тезисті көздеген тренинг кешкі сағат 6-ға дейін жалғасты. Іс-шараны Нидерландының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры ұйымдастырды.