Республикалық «Ғасырлар аманаты» акциясы күнгейде қорытындыланды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай жасақталған фотоальбомның тұсауы кесілді.
Салтанатты шараға шаһар тұрғындарымен бірге тарихи дүниені жинақтаған Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызының өзі арнайы келіп қатысты. Тарихи альбом-кітапты көпшілікке таныстырып, ондағы жәдігерлер жөнінде толығырақ айтып берді.
Жиналған қауым алдында акция аясында түсіріліген тарихи фильмдер ұсынылды. Айта өтейік, Қазақстанның 16 облысының ең құнды экспонттары топтастырылған туындыға біздің өңірдің де еңбектері еніп отыр.