Қабірде сақталған құран кітабы көрмеге қойылды

640
Киелі Түрікстаннан жеткізілген құран кітаптары

Бүгін Көрме орталығында «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, киелі орындары» атты көрме өтті. Іс – шараның  – мақсаты әр ауданның, елдімекеннің өркениетін баршаға ортақ қасиетті жерлерін көпшілікке таныстыру, өңіріміздегі киелі мекендерді насихаттай отырып, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге баулу.

Тарихи құндылықтарымыз – ұлтымыздың мақтанышы

Көрмеге қатысқан аудандардағы музейлер мен тиісті мекеме қызметкерлері өздерімен бірқатар жәдігерлерді, құнды дүниелерді ала келіпті. Түркістандағы тарихи -мәдени этнографиялық орталықтан жеткізілген көне құран көпшіліктің назарына ілікпей қалмады.

Ахан Абзал, Түркістан қаласының тарихи -мәдени этнографиялық орталығы музейінің қызметкері: «Ең құнды дүниелеріміз  бірі -мына екі құран кітабы. Мұны біз ел аралап, бір кісілерден таптық. Құранды олар қабірде сақтап аман алып қалған. Өздеріңіз білесіздер, Кеңес Одағы кезеңінде Ислам дінін насихаттауға тыйым салынған болатын,  салдарынан күнәсіз адамдар қуғын сүргінге ұшыраған».

Бәйдібек ауданындағы медресе – мешітте дәріс берген  имамдардың киімі, оқулықтары мен құран кітаптары  осы күнге дейін сақталған. Осы жәдігерлерді жеткізген  мұражай қызметкерлері көрмеге келген қала тұрғындарына қызықты етіп әңгімелеп берді.