Шымкентте 1700 отбасы мемлекеттік акті ала алмай жүр

354
50-ден аса адам таңнан түс қайтқанша мекеме бастығын күзетті

Шымкенттегі Солтүстік саяжай тұрғындары шу көтерді. Мұндағы 1700 отбасына жауапты орган өкілдері «Шаһардың бас жоспары бектілмеді» деп, 4-5 жылдан бері мемлекеттік актілерін бермей келеді. Сан-саққа жүгірген халықтың тағаты таусылған. Бүгін олар мемлекеттік актінің берілмеуінің басқа себебі де барын анықтады.

50-ден аса адам таңнан түс қайтқанша мекеме бастығын күзетті
50-ден аса адам таңертеңнен түс қайтқанша мекеме бастығын күзетті

Жасы 60-ты алқымдаған Ақбөпеш Қондыбайқызы 6 жыл бұрын иеленген жер теліміне әлі баспана сала алмай жүрмін дейді. Оған себеп – жердің мемлекеттік актісі жоқ.

1700 отбасы сан-саққа жүгіруде
1700 отбасы сан-саққа жүгіруде

Ақбөпеш Қондыбайқызы, Солтүстік саяжай тұрғыны: «Екі үш күннен кейін кел.» «1 айдан кейін кел.» Сондай ғой, жауаптары. Пәтерден-пәтерге жүру оңай емес. Бала шаға өсіп келеді. Үйлі-жайлы болу керек қой. Анаған барсаң, архитектура мына жаққа бар дейді. Жер комитеті «бас жоспар дұрыс емес» дейді. Енді бәрін бітіріп келгенде, 6 жылдан бері келіп тұрмыз.»

Зейнеткердің өзге көршілері үйді салып қойған. Енді сол баспаналарын заңдастыра алмай жүргенін айтады. Саяжайда бүгінде осындай жағдайдағы 1700-дей отбасы бар.

Тұрғындарың айтуларынша, жер кадастры қызметінің мамандары бас жоспар бекітілген соң ғана құжаттың барлығы реттеледі деп түсіндірген. Оған қоса бұл жердің басқа иелері барын айтқан. Жер учаскелері халыққа саяжай ретінде үлестірілмес бұрын ауыл шаруашылығы мақсатында беріліп қойған екен.

Жасұлан Кушенов, жер кадастры бөлімінің маманы: «Жергілікті атқарушы орган шешім шығармас бұрын ол жер бос па, бос болмаса кімнің атында, сондай жүмыстар жүргізуі керек еді. Бұл талап жүргізілмей, шешім шығып кеткен. Енді соның салдарынан халық шулап, бұл азаматтарға мемлекеттік актісін бере алмай отырмыз. Беретін болсақ, бұрынғы азаматтардан «Біздің жерімізді кімге беріп жібердің» деген сұрақтар туындауы мүмкін.»

Қараша 5-6 жылдан бері мемелекеттік акті ала алмай жүр

Мамандар жерді халыққа заңдастырып беру үшін биліктің араласуымен бұрынғы шаруашылық мақсатта алған иелерінен қайтару қажет. Сонда қоныс тепкен тұрғындарға мемлекеттік актіні береміз. Олай болмаған күнде мұл мәселе шешілмейтінін айтады.