Шымкентте тәртіп сақшысына шабуыл жасалды

191

Шымкентте тәртіп сақшысына шабуыл жасалды. Еңбекші аудандық сотына заңсыз кірмек болған азамат сержанттың ескертуіне құлақ түрмеген.

Екеуі төбелесіп, бұзақы полиция сержантының погонын жұлып алған. Ол аздай жұдырық жұмсап, сес көрсеткен.

Бұл жаға жыртыс аудандық соттың бейнекамересына түсіп қалған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетіп, сақшыға қарсылық көрсеткен азаматты ұстады. Қазір полиция сержантына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал сақшымен төбелесіп, оның погонын жыртқан жігіттің үстінен қылмысты іс қозғалыпты.

Ернар Балабеков