Тұрақты комиссияның отырысы өтті

247
Тұрақты комиссия

Облыс мәслихатының бюджеттік комиссиясының отырысы өтті. Депутаттар 2016-2018 жылдарға арналған облыс бюджетін талқылауы тиіс болатын. Алайда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың бюджетке қатысты мәселемен Астанаға іс-сапармен кетуіне байланысты бұл мәселе келесі аптала қаралатын болып шешілді.

Тұрақты комиссия

Десе де, қазына қаржысын үнемдеуді қарайтын халық қалаулылары өздері сайланған аудандардың бюджетін қысқартуға қарсылықтарын білдіріп жатты. Айтуларынша, кезек күттірмейтін мәселелерге бөлінген қаржы сол күйі қалуы тиіс. Табиғи отын тартылған түркістандықтар әлі күнге дейін көмір жағып, күн кешуде дегенді айтқан депутат қаржы бөлуді сұранып отыр.

Көрші Кентау қаласындағы емхананың құрылысына да қаржы қажет. Жобалық-сметалық құжаты әзірленген нысанның құрылысына қажет қаржы келер жылға қарастырылмапты. Оны да кейінге шегеруге болмайтынын айтқан комиссия мүшелері Арыс, Сарыағаш, Шардара, Ленгір, Жетісай қалаларын дамытудың кешенді жоспарын да талқылады. Шешім 9 желтоқсанда өтетін облыс мәслихатының 44-сессиясында бекітіледі.

Шынар Оразова