Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Владимир Божко өңір басшысы Бейіт Атамқұловпен кездесті.
Кездесу барысында аймақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысына қатысты мәселелерді талқыланды. Сондай-ақ, әкімдік пен жергілікті төтенше қызмет көрсету арасында тығыз байланыс орнату қажеттігі айтылды. Бұл байланыс, әсіресе, қыс мезгілінде аса маңызды дейді мамандар.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі