Әл Фараби ауданының әкімі кезекті есебін берді

235
Әл Фараби ауданының әкімі

Шымкенттің Әл Фараби ауданына Сайрам мен Төле би өлкесінен өткен елді мекендер жетерлік. Ол ауыл-аймақтардың коммуналдық мәселесі көп болғанымен, аталған әкімдік қызметкерлерінің араласуымен біраз түйткілдің түйіні тарқатылды.

Былтырды қорытындылаған аудан басшысының есебінде жергілікті жұрт осындай ризалық ойын білдірді. Айта кету керек, Әл Фараби ауданының әкімі екінші жиынын Забадам, Теке су ауылдары мен Сәуле шағынауданының халқы алдында өткізді.

Әл Фараби ауданының әкімі

Жиын басында әкім әдеттегідей тірлігін түгендеп, былтырғы аяқ алыс пен жұмыс барысын баяндап берді. Әл Фараби ауданы, негізінен, қаланың орталық аумағы болғандықтан, мұндағы коммуналдық мәселелердің күрмеуі шешілгені қашан?! Дегенмен, Төле би мен Сайрамнан қосылған қалың қауымды қоса есептегенде осындағы жұрттың 90 пайызынан көбі газ, жарық, су және жолмен қамтылған.

Енді биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ал бұған дейін жүргізілген көріктендіру мен абаттандыру жұмысына жұрттың көңілі тоқ.

Бұл екі шағынауданнан бөлек Забадам, Текесу ауылдары мен Откорм совхозының тұрғындары да жиыннан төбе көрсетті. Аталған аумақтағы ағайын күрмеуі күрделенген көптеген коммуналдық мәселелердің шешілгенін тілге тиек етті. Қараусыз қалған елдімекендерде соңғы екі жылда соны тірлік тындырылды деген жұрт ауылдағы ақсақалдардың алғысын арқалай келіпті.

Бірақ, бұл мақтау мен мадаққа марқайып, тоқмейілсуге болмайды. Алда әлі атқаратын шаруа көп. Аудан әкімі 70 аула мен 24 көшені жарықтандырып, қосымша көріктендіруге қолға алынады деп уәде етті. Осы сияқты коммуналдық мәселелердің оңтайлы шешілуіне куә болған қалың қауым басшының есебіне «жақсы» деген баға берді.

Мақсат Жақсыбаев