Жер телімін қоқыс алаңына айналдырғандар айыппұл төлейді. Бұл жолы құзырлы мекеме өкілдері «Фиркан Сити» дүкенінің жанындағы зауыт салу үшін бөлінген жер телімінің иесін жауапкершілікке тартып отыр.
Еңбекші ауданы әкімдігінің жазған хаты негізінде құқық қорғаушылар кәсіпкерге 100 айлық есептік көрсеткіш айып салды. Оған экологтар мен тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы мамандарының салатын айыбын тағы қосылды.
«Орион. Жаңа техналогиялар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақтастағы қоқыс полигонына 14 млн теңге берешегі болғандықтан, осындай жауапсыздыққа барған секілді.
Нұрлан Жаңабай