Цирк ардагері Икрам Ниязовтың туғанына — 76 жыл

312

Биыл Қазақ палуаны, белгілі цирк әртісі, жерлесіміз Икрам Ниязовтың туғанына 76 жыл толды. Осыған орай өнер ұжымы мен мәдениет майталманының туыс-жарандары еске алу кешін өткізді.

Онда өнер иесінің көзін көргендер мен жұбайы Гүлжаһан Ниязова естеліктер айтып, өміржолын сөз етті. Ал қызметін бастағанына 5 жылдан асқан өңіріміздегі «Оңтүстік цирк» мекемесі зейнетке шыққанымен, жалқаулықты жанына жат санаған Икрам Ниязовтың өмірінің соңғы сәттерін текке өткізбегенін тілге тиек етті.

Гүлжаһан Ниязова (оң жақта)
Гүлжаһан Ниязова (оң жақта)

Өнерпаздардың айтуларынша, ардагер осында шәкірт тәрбиелеген. Айта кететін ақпар, Икрам Ниязовтың бастамасымен күнгейде 1962 жылы цирк ұжымы ашылды. Араға жыл салып өнерпаздар республикалық «Алматы» байқауында 1-орынды жеңіп алды. Дәл сол жылы ұжымға «Қазақстанның бірінші халық циркі» деген атақ берілген.

12

13

Арман Әлиев, «Оңтүстік цирк» мекемесінің директоры: «Өткен жылы біз «Күш атасын танымас» атты жобаны халыққа ұсындық. Осы орайда ауыр кіртасы мен автокөліктерді тіспен сүйреуде Икрам Ниязовтың еңбегі зор болды, жастарды үйретті. Тәжірибесімен бөлісті. Анау әуедегі жіппен жүруді де үйретті, сондықтан біздің цирк ұжымының өсіп-өркендеуі үшін бар білген-түйгенін меңгертті. Сол үшін оның есімі біздің тарихта алтын әріппен жазылуы керек деп есептеймін».