2012 жылы Шымкент тұрғыны «Тұлпар» такси қызметін ашты. Бұл үшін кәсіпкер Daеwoo Nexia, Hyunday Accent и Hyunday Avanta маркалы 43 автокөлік сатып алды.
Кәсіпкер қазіргі уақытта жанармай үнемдеу және пайда табу мақсатында көліктерге газ-баллон құрылғыларын орнатқан. Осылайша такси қызметінің бағасы бәсекелестерге және жеке таксистерге қарағанда айтарлықтай арзан дейді кәсіпкер.
Енді кәсіпкер көлік санын көбейту үшін жаңа 8 автокөлікті сатып алмақ болады. Сол үшін 2015 жылы несие алуға банкке барады. Оған қажетті несие сомасы «Даму» қорының кепілімен берілді. Кепіл несие сомасының 50%-ын құрайды.
Бұған қоса 2015 жылы таксопарк иесі «Іскерлік байланыстар» жобасының шеңберіндегі тренингтерге қатысып, өз білімін арттырды, соның нәтижесінде компаниясына жаңа маркетингтік қадам енгізгенін айтады.
— Біздің бизнесте диспетчердің тапсырысты қабылдап алған сәтінен бастап жылдам және қауіпсіз жеткізуге дейінгі клиентке көрсетілген қызметтің сапасы мен шапшаңдығы маңызды фактор болып табылады, — дейді Сағадат Қалдарбеков. — Бүгінде менің мекемемде 35 адамнан аса жұмысшы бар. Олар — жүргізушілер, диспетчерлер, автомеханиктер. Күн сайын шамамен 200-250 клиентке қызмет көрсетеміз. Жұмысқа қабылданатын барлық жүргізушілер медициналық тексеруден өтеді, көлікті жүргізу деңгейін тексереміз. Өткен жылы автопаркімды кеңейтуге бел будым. Банкке бардым, ұсынған кепіліммен тек 4-5 автокөлік қана сатып алуға мүмкіндік болады екен. Ал «Даму» қорының кепілінің көмегімен мен 8 автокөлік сатып алуға қажетті несие алдым.