Еңбекші ауданы әкімінің есебіне шаһар басшысы қатысты

343
Еңбекші ауданының әкімі

Еңбекші ауданы әкімінің халықпен үшінші рет кездесуі №24 мектепте өтті. Білім ошағының алды ығы-жығы адам. Қолына ала таяқ ұстаған полицейлер және күрек, сыпырғымен қаруланған жұмысшылар жолды тазалаумен әлек.

Еңбекші ауданының әкіміАталған аумаққа қарасты жұрттың бірқатары бұйымтайын арқалап келіпті. Бір қызығы, олардың айтқан уәжін орындауға Еңбекші ауданының емес, қаланың әкімі уәде берді. Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сауалдар ескерусіз қалмай, толыққанды жауап қайтарылды.

Осылайша Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы 15 шағынауданында тұратын жерлестеріміздің өтініштерін орындауға уәдесін берді. Осы шағынаудан тұрғыны бірнеше жылдан бері үй аулаларын абаттандыра алмай жүргендерін айтып, шағымды. Оған қала әкімі алдағы жазда құны 8 млн теңгелік абаттандыру жұмысын жасап беруге және құрылыс үшін бюджеттен қаражат бөлуге атсалысатынын мәлімдеді. Өзге де тұрғындардың сауалдарын тыңдаған әкім мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға күш салатынын жеткізді.

Әкім өзге де тұрғындардың сауалдарын байыппен тыңдап, шешілу жолдарын қарастыруға күш салатынын жеткізді. Еңбекші ауданы басшысының есебіне қатысқан көпшілік оның жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, уәделі уәждің орындаларына деген сеніммен тарқасты.

Нұрлан Жаңабай