Экология департаментінің басшысы тағайындалды

2691

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің бұйрығымен Әуесбек Зпашұлы Таутеев энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО бойынша экология департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әуесбек Таутеев
Әуесбек Таутеев

Әуесбек Зпашұлы 1963 жылғы туылған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1986 жылы Шымкент қорғасын зауытының агломераторы, цех балқытушысы, балқыту цехының 4,5-дәрежелі агломераторы, балқыту цехының 5-дәрежелі балқытушысы, балқыту цехының шебері болып бастаған.

1993-1997 Алматы зергерлік зауыты №1 филиалының инженер металлургі, бас металлургі, 1997-1998 «DEAL GLOBAL ltd» компаниясы, Қазақстан бойынша аграрлық департамент директорының орынбасары, 1998-1999 қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің негізгі өндіріс салалары басқармасының қорғаныс кешені өнеркәсіптері бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2000-2001 қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жекешелендіруді бақылау басқармасының негізгі өнеркәсіп салалары бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, 2001-2006 премьер-министрі кеңсесінің өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің консультанты, сарапшысы, 2006-2009 қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу департаменті директорының орынбасары, директоры, 2009-2010 премьер-министрі кеңсесінің индустриялдық-инновациялық даму бөлімі минералдық шикізат кешені, энергетика және табиғатты пайдалану секторының меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары, 2012-2014 қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.